Өңірлерде «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» деген тақырыппен ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Кезекті басқосу 8 қараша күні Алматы облысының тарихи және ірі аудандарының бірі – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өтті. Алматы облысының Жамбыл ауданында өтті. Шара ауыл-аймақты дамытуға, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған. Форумды Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Ауыл» партиясы және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды. Қазір ауыл әйелдері ұлттық құндылықтарды сақтаумен қатар жаңа заман талабына сай бейімделіп келеді. Яғни қосымша білім алып, кәсіп үйренуге құштар. Форумды ұйымдастырушылар осылай дейді.
Форумға 340-қа жуық белсенді ауыл әйелі қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Ауыл» партиясының және Алматы облысы Әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдың тұрақты дамуына бағытталған саясатының аясында іске асырылды.
Форумның ашылуында Алматы облысының Әкімі жанындағы Комиссия төрағасы – облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертасұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сарсенбаева, «Ауыл» партиясы Төраға орынбасары Ғалымжан Құсманғали сөз сөйлеп, әйелдердің ел тұрақтылығы мен әлеуемттік -экономикалық дамуына қосатын стратегиялық рөлін ерекше атап өтті.
Форумға Талғар қаласынан делегат ретінде «Талғар ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Меруерт Мубаракова, «Alatau zhuldyzy» газетінің директоры Хакима Калиева, Орталық аудандық аурухана жанындағы Жастар денсаулық орталығының менеджері Надежда Литвинова, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ директоры Алтыншаш Мухаметнур, «Отбасыны қолдау орталығы» КММ директоры Ардақ Дуйсенгалиева, Талғар аудандық Аналар кенесінің төрағасы Айтжамал Нурбатырова, Талғар қаласы Аналар кенесінің төрағасы Азат Айтуганова тағы басқа азаматшалар шықырылды.

«Ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту: өңірлік даму саясатының негізі» тақырыбында өткен пленарлық отырыста ауылдық кәсіпкерліктің қаржылық және әлеуметтік-құқықтық мүмкіндіктері мен мәселелері жан-жақты талқыланды. Форумға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әйгерім Сәрсенбаева қатысып ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлі туралы айтты. «Мақсатымыз ауылдағы әйелдердің мәселесін айту емес оларды шешу үшін нақты жолдарын көрсетіп отыру. Ауыл әйелдері жалпы біздің ауылдың тірегі деп айтамыз. Себебі олар отбасының ұйытқысы. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысып, сонымен қатар балалар тәрбиелеп отыр. Сондықтан ауыл әйелдерін қолдау ауылды ды қолдау, яғни бұл біздің елдің келешегін қолдау деген сөз» деді комиссия мүшесі. Талқылаудың Негізгі Бағыттары Мемлекеттік Басқармалардың жұмысын айқындады: Алматы облысының Кәсіпкерлік басқармасы шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген кредиттердің қолжетімділік шарттарымен таныстырды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы әйелдерге арналған әлеуметтік қолдау тетіктері мен қайтарымсыз жәрдемақы бағдарламаларының жүзеге асыру көрсеткіштерін жан-жақты баяндады. Ауылдық кәсіпкерлер экспортқа бағытталған бизнестерді дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, ауыл шаруашылығындағы кооперацияның маңыздылығын атап өтті. Әйелдер қауымы ел экономикасының, кәсіпкерліктің дамуына зор үлес қосып келеді. Облыстық әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кеңесінің өкілдері әйел кәсіпкерлігін экономикалық өсімнің негізгі факторы ретінде қарастыруға шақырды.
Форум аясында ауыл әйелдерінің қолынан шыққан ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, олардың еңбек әлеуеті мен дәстүрді сақтауға қосқан үлесі көрсетілді. Қорытынды сөздерде, форумда айтылған барлық ұсыныстар мен өңірлік проблемалар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық-талдау жұмысының негізіне алынып, ауыл әйелдерінің мәселелерін заңнамалық және әкімшілік деңгейде шешу үшін Орталық мемлекеттік органдарға ұсынылатыны айтылды.
Бұл форум – Қазақстанның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуындағы ауылдық әйелдердің рөлін нығайтуға бағытталған Президент саясатының айқын көрінісі және оны аймақтарда жүзеге асырудың нақты тетігіне айналды. Бұл форум – тек кездесу емес, жаңа серпін мен шабыттың мерекесі болды. Іс-шара барысында мағыналы мақал-мәтелдер мен өлеңдер жинақталған рухани кітап сыйға тартылды.
Онда ескі де есті әндер, ұлттық құндылықтар мен тәлімді ойлар топтастырылған. Форум ауыл әйелдерінің еңбегін дәріптеп, бірлікті, дамуды және жарқын болашақты айқындайтын мерейлі шара болды. Ауыл әйелінің еңбегі – елдің өркендеуінің бастауы. Ол – бірліктің белгісі, дамудың кепілі, болашақтың анасы!
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА







