Ой тереңінің тұңғиығы Конфуцийге шәкірттері: «Егер бір елге басшы болсаңыз алдымен не істер едіңіз?» — деп сауал қойған екен. Сонда ғұлама «Ұлттың тілін тәртіпке салар едім» деген екен. Себебін сұрағанда, «Тіл бұзылса ұлттың рухы мен әдет-ғұрпы да бұзылады. Рухы мен әдет-ғұрпы бұзылса, әділет пен ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жойылу қаупіне душар болады. Тілі бұзылған ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды. Мұндай жағдайдың алдын алған дұрыс» — деген екен. Елбасының латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу жөіндегі батыл қадамы осындай ойдан туған дүние болса керек.
Біздің ауданымызда да тапырма берілген күннен бастап қызу ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жуырда медициналық колледж қабырғасында өткен шара да сол жұмыстардың бір парасы. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық «Қазақ тілі» қағамы бірлесе ұйымдастырған «Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру – ішкі қажеттілік» атты семинар негізінен жаңа әліпби бойынша бекітілген емле ережелерін түсіндіруге бағытталды. Шараға аталмыш бөлім маманы Ұ.Ақжігітова, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Р.Байшықова мен әдіскері Г.Мамырбаева, зейнеткер ұстаз, латын жазуындағы «Әліппе» құрастырған Л.Абызова, қалалық әкімдіктің бас маманы Ж.Ордабаева мен колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.
Шараның мақсатын түсіндіріп, қатысушыларды таныстырған Ұ.Ақжігітовадан кейін сөз алған Г.Мамырбаева алдымен латын әліпбиінің ұстанған бағытына тоқталды. өткен тарих пен бүгінгіні салыстыра отырып неден ұтатынымызды бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Келесіде слайд арқылы лед-экраннан латып жазуының емле ережесіне таныстырып шықты. Тілдің жалғамалылығы, тілдің ықшамдалуы, тіл дыбыстарының үндестігі, дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілген емледе негінізінен фонематикалық принцип басшылыққа алынған. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты күрделенген сұрақтарға да сол арада жауап айтты.
Бұл мәселеде алдымен мұғалімдерді даярлау шаралары іске асырыла бастағанын, үйренгісі, білгісі келетіндер болса ұйым көмекке дайын екендігін жеткізген ұйым төрайымы Р.Байшықова латын әліпбиеіне көшудегі басты басымдықтарды түсіндіріп берді. Шараны қорытындылап, «Бұл мәселеге бей-жай қарамай, ұлттық рухпен үндестіре білейік» деп түйіндеді.
М.Бөлек