Аудан әкімінің №06-193 өк өкіміммен «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Садвакасова Қарлыға Айсабековна тағайындалды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Қарлыға Айсабековна 1970 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Абай атындағы қазақ мемлекеттік университетін 1992 жылы ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәндері оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Білім саласындағы еңбек өтілі- 27 жыл. Еңбек жолын 1992 жылы Кеген ауданының Қызылту орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған.
1995 — 2000 жылдар аралығында Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарған.
2000-2003 жылдары Талғар ауданындағы №18 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2003-2010 жылдары Д.А.Қонаев атындағы университеттің Талғар қаласындағы колледжінде директордың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2010-2016 жылдар аралығында Талғар ауданының Ақдала ауылындағы №44 орта мектеп директоры қызметін атқарған.
2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Тұздыбастау ауылындағы №31 орта мектебінің директоры қызметінде болды.
Талғар-ақпарат
2 комментария
Мейрамбек 14.06.2019 at 07:35
Талгар ауданы коррупциядан басы ала алма келе жатқан сорлы аудандардың бірі. Осы басшы қанша отырады екен ұсталғанша. Талғардағы әкімшілікте де басқару жүйесінде де ұят жоқ. Халықты алап келе жатқат сорлы аудан. Токаев халықпен диалог жасандар дейді бұл сорлылар құр сөзбен келе жатыр. Өңшең коррупционерлерді жинап алған. Айғаным ауылынан болам. Бұл ауылдың соры қайнағанына 10 жылдан асты. Әттең билік қашан ауысып, халыққа жақындайды екен.
Әйгерім Әмір 17.06.2019 at 10:54
Пікірлеріңізге рахмет! Көп түкірсе көл. Түбі жақсы болатынына сенейік.