Талдықорғанда «Азаматтық қоғам және мемлекеттік: диолог, ынтымақтастық, жауапкершілік» атта форумы өтіп, 5 үздік Үкіметтік емес ұйымдарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы марапатады, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы облысы үкіметтік емес ұйымдарға ерекше қолдау көрсететінін өздеріңізде білесіздер. Ең қуантарлығы облысымызда 400-ге жуық үкіметтік емес ұйым тіркелген оның тең жартысы ауылдық аймақтардан. Бүгінгі күні 154 жоба қолға алынып отыр. Оның дені жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесу, ерекше күтімді талап ететін мүгедек жандардың жағдайын жасау, еліміздің болашағы балаларды қорғау, жастарды қолдау, мәдениет және спорт салаларын өркендету болады»,- деді ол.
ҮЕҰ арналған форумның мақсаты ұйымдар арасындағы тәжірибе алмасуды жақсарту және олардың одан әрі бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру.
-Екі күнге жалғасқан форум өте үлкен дәрежеде өтуде. Форумда жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейін, оларды мемлекеттің қолдау дәрежесін көріп қуанып отырмын. Болашақта мемлекеттің атқаратын біраз жұмыстары ҮЕҰ-ның және бизнесмендердің қолына толықтай өткені дұрыс деп есептеймін. Өйткені, билік халықты толықтай қанағаттандыра аламайды. Дамыған 30 едің қатарына кіреміз десек, ҮЕҰ-ны және халық үшін жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді қолдауды арттырмаса, кемітпеуі қажет,-дейді Қазақстан Республикасының азаматтық Альянсының вица-президенті Мусағали Дуамбеков.
2017 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекет тарапынан бөлінетін премияларға көп ұсыныс беретін Алматы облысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласынан кейінгі ІІ- орында тұр. Толығырақ ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының жаңа орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтып өтті.
-Биылғы Астана қаласында өтетін азаматтық форум өзгеше форматта өту жоспарлатып отыр. Ерекшелігіне тоқталып өтетін болсақ, ол ауылды елді мекендердегі үкіметтік емес ұйымдардың форумы бөлек өтеді және ҮЕҰ тығыз қарым- қатынас орнату, тұрақтылықты күшейту бойынша үш негізгі механизм енгізілді. Біріншісі: премия, мемлекет тарапынан бөлінген гранттар, екіншісі: ҮЕҰ халық аралық деңгейдегі донорлармен тәжірибе алмасу, үшіншісі: қоғамдық кеңестер институты. Сонымен қатар, азаматтық форумға тек үкіметтік емес ұйымдардан бөлек саяси партиялар, БАҚ өкілдері, жаңа технологиялардың авторлары және бүгінгі форумда сайланған 15 делегат қатыспақ,- деп қорытындылады ол.
Шара соңында, форум қонақтарына арналған концеттік бағдарлама қойылып, арнайы сылықтар табыс етілді.
Талғар-ақпарат