Ақпан айының 27-сі күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Т. Рысқұлов атындағы орта мектепті жарақтандыру қорытындысының таныстырылымы өтті.
Бұл «Ашық есік күні» іс-шарасы барысында ұйымдастырылып, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова «Aitas KZ» АҚ Бас директоры, Білім беруді тұрақты дамыту қорының құрылтайшысы Серік Толықпаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің, сондай-ақ «Фура» атты тұрақты даму қорының, «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің, жоба серіктестерінің, БАҚ және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтті. Ескерте кетейік, Т. Рысқұлов атындағы мектеп «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асыратын «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасына енгізілген. Аталған бағдарлама негізінде НЗМ жарақтандыру стандарты бойынша 37 оқу кабинеті мен шеберханасы, сондай-ақ STEM-зертхана, АРТ-студия, интеллектуалдық холл, кітапхана және телестудия жаңартылды. Қазіргі таңда бұл оқу орнында 2083 оқушы білім алуда және оларға 219 педагог сабақ береді. Материалдық-техникалық базаны жаңартудың және педагогтарды оқытудың арқасында ауыл мектебі өз әлеуеті мен тәжірибесін ауданның басқа мектептерімен бөлісе алады. «Қазақстан халқына» қоры мектепті жарақтандыруға 249 миллион 825 мың теңге жұмсады.Осы орайда білім ошақтарына соны технологиялық тұрғыдан жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілген Т. Рысқұлов атындағы мектептің директоры Эльмира Мақашева былай деді: «Мектебіміз бұрын ресурстық орталық болған еді. Жанында мектеп-интернаты бар. Бізге қосымша алты мектеп тіркелген. Енді осы жобаны жалғастыратын боламыз. 40 кабинет толығымен жабдықталды. Гуманитарлық пәндер кабинеттері, химия, биология, физика кабинеттері қосымша зертханаларымен жарақтандырылды. Қысқартып айтсақ, мектепте жан-жақты жаңарту-жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Алматы қалалық зияткерлік мектепті, педагогикалық шеберлік орталығын, Астана қаласындағы білім беруді бағдарламалау орталығын бекітіп берді.сол жерлерде мұғалімдер білімдерін жетілдіріп, тәжрибе алмасады. Осы орталықтардың мамандарымен бірлесе отырып бірнеше семинар өткіздік. Осы уақытқа дейінгі аралықта оқушылардан және педагогтардан жыл басында және аяғында екі рет тест алынды. «Қазақстан халқына» қоры сөз болып отырған «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы бойынша 17 ауылдық тірек мектебін құруды жоспарлап отыр. Жобаның бюджеті – 4 миллиард 250 миллион теңге (1 мектепке шамамен 250 миллион теңгеден деп есептегенде 17 мектеп). Бүгінгі таңға дейін Қор 16 ауылдың тірек мектептерінің мұғалімдеріне оқыту курстары мен тағылымдамадан өткізу түрінде әдіснамалық көмек көрсетті. Мақсатымыз – ауыл баласының деңгейін қала баласымен теңестіру. Алғысымыз шексіз! Осы игі іс жалғасын таба берсе деп тілейміз!».
Бейбіт Мекеев
Жамбыл ауданы