Бұл Жолдауды ескі жүйеден арылудың жаңа жолы, рухани жаңғырудың жаңа бағыттағы өсу белгісі ретінде қабылдадым. Жасыратыны жоқ, қоғамда әлі күнге жаңа заманға, цифрлық дәуірге деген көзқарас дұрыс қалыптаспай келеді. Қоғам дамыған сайын, кемелденген сайын сұранысы күшейе түсетінін ескеретін заман келді. Бүгінгі Қазақстанның мәдениетінен бастап, өнеркәсібіне дейін жаңа цифрлық технологияны меңгеруге, айналымға енгізуге тиіс. Бұл біздің өмірімізді жеңілдетеді, ғұмырымызды ұзартады, са¬намызды қалыптасып қалған ескі сүрлеуден құтқарады. Денсаулы¬ғымыздан бастап, азаматтық құқық¬тары¬мызды дұрыс пайдалануға жол ашады. Қоғамдағы етек алған келеңсіз кемшіліктер цифрлық технология арқылы шынымен де жаңа дәуірге, жаңа сапаға, жаңа санаға ауысады.
Мирас Қуатұлы,
жас маман