Президенттікке кандидат Салтанат ТұрсынбековаҚостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлерменкездесу өткізді. Онда ол елдегі басшылық қызметтегіәйелдердің құзыреттілігі төмен екенін айтты.
«Қазақстандағы басшылық лауазымдардағыгендерлік өкілдіктің жағдайы аса мәз емес. Әйелдерел халқының басым бөлігін құраса да, басшылыққызметтегі әйелдер саны өте аз. Құзыреттілікжоқтығынан әйелдердің пікірі ескерілмейді», — деді ол.
Ұлттық статистика бюросының мәліметібойынша Қазақстан Республикасының халқы 19 миллион адамды құрайды, оның 52 пайызы – әйелдер. 2020 жылғы есепке сәйкес, елімізде жұмысістейтін әрбір екінші әйелдің (47,3%) жоғары немесежоғары оқу орнынан кейінгі білімі болды. Жоғарыбілімді жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі небәрі38,1% құрайды.
«Біздің елде әйелдер көп, олардың арасындабілімдісі де көп. Бірақ басшылық қызметтердекөзге көрінетін теңгерімсіздік бар. Оған мынажағдайларды мысал ретінде алуға болады: қазірбізде облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың бірде-бір әйел әкімі жоқ. Тек екі әйелминистр бар. Содан кейін олар әдеттегідей әйелдер ғана басқаратын — денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау салалары. Парламенттегіәйелдердің саны үштен біріне де жетпейді», — дейді ол.
Сондай-ақ спикер партиялық тізімдергеәйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайызыкіруі керек деген квота туралы да айтты.
«Бүгінде заңнамада әйелдер құқығын шектейтін белгілі бір 30%-дық квоталарқарастырылған. Мен бұл квоталармен мүлдекеліспеймін. Басқа ешбір елде мұндай нәрсе іс жүзіндежасалып жатқан жоқ. Бұл 30%-дық нормаболатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйелде ер азаматтар істейтін барлық лауазымдардақызмет етуі керек деп есептеймін. Құзыреттілік тең болуы керек! Егер бізде халықтың 52 пайызыәйелдер болса, Парламенттегі, квазимемлекеттік сектордағы, кез келгенсаладағы әйелдердің үлесі кем дегенде 50 пайызболуы тиіс. Мен өз бағдарламамда гендерлік теңдіктуралы да айтып жүрмін», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.
Еске салайық, Қостанай облысы – кандидаттыңсайлау алдындағы үгіт-насихат сапары аясындағы жетінші өңір. Мұнда ол №4. емхананың дәрігерлеріменкездесу өткізді. Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Ақмолажәне Түркістан облыстарында болған.