КҮРДЕЛІ ЗАМАННЫҢ КЕМЕҢГЕР БАСШЫСЫ

КҮРДЕЛІ ЗАМАННЫҢ КЕМЕҢГЕР БАСШЫСЫ

12 қаңтар — қазақ халқының біртума тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев — мемлекет және қоғам қайраткері. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында туған. Мәскеу түсті металдар және алтын институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша (1936) бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін «Прибалхашстрой» комбинатына қызметке жіберілген. Екінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде — «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары және техникалық бөлімінің бастығы, Лениногор тау-кен басқармасы Риддер кенішінің директоры; Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары (1942-1952); Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті (1952-1955); Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1955-1960); Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960-1962); Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1962-1964); Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1964-1986) қызметтерін атқарды. Үш рет Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) атанған тұлға.

Қонаевтың 12 қасиеті

Әл-Фараби бабамыз: «Қағида – қасиет» деп аталатын еңбегінде елді басқаратын адамның бойында 12 түрлі жақсы қасиеттердің болуы тиіс екендігін дәлелдеп айтқан екен. 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келіп, елімізді ширек ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың бойында басшыға тән осы айтылған 12 қасиеттердің барлығы да болғандығын  туған күні қарсаңында оқырмандарға қысқаша ғана жеткізгіміз келді.  

1-қасиет: «Басшы болатын адамның сыртқы тұлғасы сымбатты, әдемі, иманжүзді болуға тиіс». Димекең жаратылысынан көрікті, бойшаң, жүзінен нұры төгіліп тұратын иманжүзді кісі еді.

2-қасиет: «Басшы өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін, істің мән-жайын тез сезетін аса зерек болуы керек». Димекеңнің зеректігі мен сезімталдық қасиеті жөнінде оның қасында жүрген серіктері таңдана айтады.

3-қасиет: «Басшы көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесінде ұзақ уақыт сақтайтын адам болуы тиіс». Ол есте сақтау қабілеті ерекше адам болған. Өзі араласқан оқиғалардың жыл, ай, күнін дейін өле-өлгенінше есіне сақтаған. Колхоз-совхоздардың, жер-судың, озат шопандардың, механизаторлардың есіміне дейін ұмытпаған. Өмірлік жұбайы Зухра Шәріпқызымен қанша жыл, ай, күн, сағатына дейін бірге өмір сүргеніне дейін есінде сақтаған…

4-қасиет: «Басшы терең ой иесі, шебер әрі шешен адам болуы тиіс!». Димекең естігендері мен көргендерін өте шебер әрі бейнелі тілмен әңгімелейтін. Сөз арасында әдемі әзіл-қалжыңдар да айтатын…

5-қасиет: «Басшы ғылым мен өнерге жаны құштар, оқып үйренуден шаршамайтын адам болуы керек». Ол жас кезінен ғылым мен өнерге өте жақын болды. Кейін Қазақстан ғылым академиясының академигі болды. Ғылымды дамытуға өте көп еңбек етті…

6-қасиет: «Басшы адам тағамға, ішімдікке, сайрандауға келгенде қанағатшыл болуы керек» дейді ұлы ғұлама әл-Фараби бабамыз. Димекең тағамды талғап, тек адал асты ғана жеген. «Пейіш жемісі» деп алма жеуді ұнатқан. Той-думанда шалқып сайран салған жоқ. Барлық жағынан қанағатшыл болды…

7-қасиет: «Басшы сауық құмарлықтан аулақ болуы шарт». Ол сауық құмарлықтан аулақ болды. Демалысын таза ауада серуендеп, табиғат аясында көңілді өткізуді әдетке айналдырды…

8қасиет: «Басшы адам шындықты сүйіп, жалған-жағымпаздыққа қарсы тұруы тиіс». Димекең өтірік-өсек айтқандарды жек көрді. Жалған сөйлегендерді ұнатпады. Билікке, өз айналасына білімді, пейілі кең, таза адамдарды қызметке тарта білді…

9-қасиет: «Басшы жаны жомарт, қайырымды, қолы ашық, кешірімшіл, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт!» Димекең өте әділ, қайырымды, ешкімге жаманшылық жасамаған адам. Мұны халық жақсы біледі. Кешірімшіл, кек сақтамайтындығы да рас. Өзін КПСС Орталық Комитетіне жамандап арыз жазған адамдарды да кешіре білген. Қайта «Жамандыққа жақсылық ету – ер кісінің ісі» дегендей, өзін жамандап орнына екі жыл Қазақстанды басқарған И.Юсуповтың да қателіктерін кешіріп, кек сақтамай, басшылыққа қайта сайланғаннан кейін И.Юсуповты Батыс Қазақстан облысына басшы етіп жіберген.

10-қасиет: «Басшы пасық істердің бәрінен жоғары, игі істерге ынтызар болуға тиіс». Димекең игі істердің жолбасшысы еді. Оның игілікті, өте маңызды істерді атқарғанын халық біледі. Оның дүние-байлыққа қызықпағаны, халық үшін адал қызмет еткені, ар-намысына кір шалдырмағаны баршаға белгілі…

11-қасиет: «Басшы әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін адам болсын!» деген әл-Фарабидің он бірінші қағида-қасиетіндегі айтылған сөздер. Димекеңнің дәл өзіне арналып айтылғандай әсер де қалдырады. Ол әрқашанда әділдікті сүйді, өктемдік пен озбырлыққа жол берген жоқ. Халық арасында Қонаев туралы бірде-бір қаңқу сөз, реніш, өкпе жоқ. Сондықтан да ол бүгінгі ғана емес, келер ұрпаққа үлгі болатын тұлға болды.

12-қасиет: «Басшы адам өзі қажет деп тапқан, халыққа қажетті істі жүзеге асыруға келгенде шеберлік танытып, қорқыныш пен жасқануды білмейтін, батыл, ержүрек болуға міндетті!» Батылдық пен ержүректік онын бойында туғаннан бар еді. Атасы Қонайдың батыр, қорқуды білмейтін ержүрек қазақ болғаны оған дарыған ғой. Қапшағай су қоймасын салу жөніндегі батыл шешімі мен іскерлігі тарихта өшпестей болып жазылып қалды. Медеу шатқалында таудыжарып, қопарылыс арқылы бөгет жасау шешімінекейбір ғалымдар қарсы болып, «Алматыға қауіптөнеді» деді. Димекең айтқанынан қайтпады. Қопарылыс әрекеті сәтті болып, тауда бөгесінжасалды. Осы істердің басы-қасында басын бәйгегетігіп, суы көкке шапшыған бөгеттің үстінде өзіжүрді. Өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, тасқын су бойында жұмысшылар мен мамандарға«тау-кен инженері» ретінде ақыл-кеңестер берді. Міне, осындай «Елдің жағдайын ойлаған, елі үшінаянбай, адал қызмет еткен Дінмұхамед Қонаевтыхалқымыз әрқашанда құрметпен еске алыпотырады. Димекең ел басқарған кезіндеРеспубликаны Кеңес Одағы көлеміндегі 14-орыннан алдыңғы үштіктің қатарына шығарды. Осы мерзімнің ішінде республиканың өндірістікауқымы он есеге өскен. Қонаев заманы күрделі, қайшылықтарға толы, Мәскеуге тәуелді(бағынышты) кезең болғанына қарамастан, жасқануды білмей, батыл, іскерлігімен еліміздіүлкен жетістіктерге жеткізе білген – ер басшы еді.