Кәсіптік-техникалык оку орындарында білім алушыларды кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оку шеберлері педагог болып саналады. Өндірістік оқыту шебері білім алушылардың бойында кәсіби білім мен дағдыны қалыптастырады, оларды жұмыстарды оңтайлы орындаудың жолдары мен тәсілдерін орындауга уйретеді. Өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушыларының әрқайсысы компьютерде, мультимедиялық құрылғыларда жұмыс істеу дағдыларын игерген, сабақтарға дайындалғанда интернет құрылғыларын қолдана алу тиіс. Негізгі теориялық білімсіз тәжірибелік шеберлікке үйрету мүмкін емес. Осы ретте Шелек политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Асубаева Гүлім Советжанқызының «Бисквит қамырынан дайындалған өнімдерді әзірлеу және безендіру: «Капкейк және вупи пай пирожныйы» тақырыбына арналған өндірістік оқыту бойынша өткізілген ашық сабағын тілге тиек еткім келеді.
Асубаева Гүлім жаңа технологияларды пайдаланып, өндірістік оқыту сабағында білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығын оята білді. Бәсекеге қабілетті, тамақтандыруды ұйымдастыру саласына қажет жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ету үшін бізге осындай шеберлер қажет деп санаймын.
Сабақ басталмас бұрын білім алушылар бір — біріне жақсы тілектерін білдірді, өткен тақырыпты еске түсіру барысында штрихкод арқылы ойындар ойнатылды.Оқу өндіріс шебері кіріспе нұсқаулық өткізе отырып, ресурстарды ұқыптылықпен жұмсау, жоғары сапалы өнімдерді дайындау, тәртіпті және еңбек қауіпсіздігін сақтау дағдысын калыптастырады, бисквитті қамырдың дайындалу реттілігін, қажетті азық – түліктерді, өңдеу түрлерін, безендіру және ұсынылуын көрсетті. Пирожныйларды безендіруде түрлі кондитерлік өнімдерді бір біріне үйлестіріп қолдана білді.
Білім алушылар сабақты толығымен меңгерді. Өндірістік сабаққа қызығушылығы мен ынтасы арттыра түсті. Ағымдағы нұсқаулық кезінде әр білім алушылар технологиялық картаны пайдаланып, техника қауіпсіздік ережелерін, санитарлық талаптарды сақтай отырып бисквитті қамырдан кондитерлік өнімді дайындап, безендіріп ұсынды.
Өндірістік – оқу сабағы барысында білімалушыларға өндірістік тапсырма арқылы жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Берілген тапсырмаларға бағалау критерийі беріліп отырды. Білімалушылар жеке жұмыс жасауға дағдыланған. Кәсіптік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Әріптесімнің бұл сабағы арқылы шебер ұстаз екендігіне көзім жете отырып,өзіме көп тәжірибе жинадым.
Атеева Динара Қабылбекқызы
Оқу-өндіріс шебері