Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету

Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Қазақстан Республикасының Заңы, Алматы облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы 2015 жылғы 14 тамыздағы № 315 қаулысының негізінде:  

1. Екінші және үшінші спорттық санаты,
2. Жасөспірімдер арасында бірінші, екінші және үшіншспорттық,

3. Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы,

4. Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы,

5. Біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екінші санатты әдiскер,

6.Спорт төрешісі  cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.


2.Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 15 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.
     5. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
     6. Мемлекеттiк қызмет  ХҚК орталығында демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанға дейiн, еңбек заңнамасына сай, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн үзiлiссiз көрсетiледi.

Уәкілетті мекеме: «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

          Уәкілетті мекеменің мекен жайы: Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі 65. Тел.: 8/72774/24084,   эл.мекен жай:  kultura_talgar@mail.ru

Талғар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі 2025 жылы I тоқсанында 198 адамға мемлекеттiк қызмет көрсетті.  

Ф.Бегенбаева,

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.