Алматы облысындағы ең ірі түйе өсіру қожалығы агротуризмді дамытпақ

Алматы облысындағы ең ірі түйе өсіру қожалығы агротуризмді дамытпақ

Іле ауданының тумасы  20 жылда түйе басын 5000-нан асырған ірі «Даулет Бекет» шаруа қожалығы агротуризімді дамытуды қолға алмақ. Өз кәсібін бір бас түйемен бастаған Сыдық Дәулетов бүгінде Қазақстанның ең ірі қожалық басшысы, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 

Аумағы 28800 г жерде орналасқан қожалық  климаты түйе өсіруге ең  қолайлы шөлейтті жерде орналасқан. Шөлге, аштыққа шыдамды  іріқара түрі екі жылда бір төлдеп, ауыру-сырқауға шыдамды келеді. Күнделікті нормада 200 тоннадан астам  өнім ішкі нарыққа шықса, алдағы  үш жылда түйе санын 15 мыңға жеткізіп сырқы нарыққа көшу жоспарлануда.

— Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 қазан күнгі жалдауында  «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру және жергілікті туризмді жақсарту» туралы тапсырмалар  берді. Бұл болашақ кәсіпкерлермен бізге берілген үлкен көмек.

Қазақ  жерін кеңіс үкіметі билеп тұрған 1960 жылдары түйе саны 1 млн болса, 1990-1991 жылдары 50 мыңға дейін азайып осы күні 180  мың басты құрап отыр. Түйе шаруашылығы ата кәсіп. Оны дамытуға қызығушылық кейінгі жылдару артып келеді. Оған  дәлел түйе малын көріп, оның шұбатымен емделуге тек қазақстан аумағынан ғана емес   шет елденде ағылап келеді. Атап айтқанда Қытай халық республикасы, Германия, Ресей, АҚШ, Автралия және тағыда басқа. Оларды қызықтаратын басты фактор ол шұбаттың емдік қасиетті. Аудан орталығында шұбатпен емдейтін шипажай ашылып, қазірде 50 адам ем алуда. Келесі жылы  кәсіпті жан жақты яғни агротуризм, денсаулық сақтау, сырқы нарыққа шығу, әлемдік стандарққа сай жұмыс жасау жағынан даму жоспарда бар -, деді  ЖШС «Даулет Бекет» шаруа қожалығының басышы С.Д.Әбуұлы.

2009 жылы салынған «Дәулет Бекет» сүт зауыты бір тәулікте 10 тонна сүт өндіріп, 100% табиғи тауар шығарады. Зауыт  2014  жылы қожалық «Халал», «Organic» сертификаты табысталса, 2015 жылы «Халықаралық сапалық жүйесі ИСО 9001, ИСО 22000» іске қосылған. Отандық түйе өнімдеріне шұбат, сүт, құрт, балқаймақ, йогурт, түйе еті мен жүн кіреді. Аталған өнімдер қазақстанның әр облысымен   ірі қалалардың сауда орталықтарында және шет елдерде де сатылады.

Сондай-ақ, шалғай далада жайылатын түйе малы  120 түрлі шөп жеп, бойына әр түрлі витаминдер сіңіреді. Осындай жағдайда жайылған түйе  шұбатының емдік қасиетін денсаулық сақтау жүйесінде жоғары бағалап отыр. Ол созылмалы гипатит, гастрит, псориаз, қант диабеті, аутизм, аллергия, туберкулез ауыруларын емдейді.

Айта кету керек, алдағы жылы шаруашылық кешенінде агротуризмді дамыту үшін зауыт алдына 50 шақты қазақ үйлер тігіліп, әр түрлі бағдарламалар ұйымдастырылмақ.

Талғар-ақпарат