Әкім лауазымына кандидат

Әкім лауазымына кандидат

Белбұлақ ауылдық округінің әкіміне «AMANAT» партиясынан ұсынылған  кандидат

 АБИРОВ ЕРКІНБЕК ЕРОЛЛАҰЛЫНЫҢ

өмірбаяны

Мен, Абиров Еркінбек Ероллаұлы 1985 жылдың 22 шілдесінде Алматы облысы, Талғар ауданында дүниеге келдім. 1991-1999 жылдар аралығында Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылындағы №19 орта мектепте оқып, 1999-2002 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Б.Атыханұлы атындағы №36 лингвистикалық гимназиясында орта білімін тәмамдаған. 2002-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім алып, «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер атанған.

2008-2010 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика факультетінде білім алып, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012-2014 жылдары Қазақтың спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және бокс жаттықтырушысы» мамандығын меңгерген.

 Еңбек жолым:

  • 2008-2013 ж.ж – «Айршир» ЖШС-нің атқарушы директоры;
  • 2014-2016 ж.ж – Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
  • 2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы;
  • 2019 жылы – сол агенттіктің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы;
  • 2019-2021 ж.ж – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жазғы спорт түрлері басқармасының бас сарапшысы;
  • 2021-2022 ж.ж – аталған комитеттің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша РЖСШМ РМҚК басшысының орынбасары;
  • 2022-2024 ж.ж – «ALTYN ORDA NEW COMPANY» ЖШС директорының кеңесшісі;
  • 2025 жылдың басынан бері – «Ла Фаттория» ЖШС-нің атқарушы директоры қызметін атқарып келдім.

  

Құрметті Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындары!

Қадірменді жерлестер!

2025 жылдың 14 қыркүйегінде Белбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді. Бұл маңызды науқан аясында сіздер маңызды таңдау жасайсыздар.
Мен осы лауазымға өз кандидатурамды ұсынып отырмын және ауылымызды дамыту бойынша нақты бағдарлама әзірледім.
Егер мен Белбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, басты мақсатым — округтің кешенді дамуына үлес қосу және әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын жақсарту болмақ.

Менің сайлауалды бағдарламаммен танысып, 14 қыркүйекте тарихи Белбұлақ ауылдық округінің гүлденуі үшін өз дауысыңызды беруге шақырамын!

 Сайлауалды бағдарламам:

 Экономикалық даму бағытындағы негізгі басымдықтар:

  • Инвесторлар тарту арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына  ықпал ету;
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыту  арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;
  • Отандық өнім өндіретін жаңа өңдіріс орындарының ашылуына   қолдау көрсету:
  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша:
  • Елді мекендердегі жол инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту, жаңа көшелерге тас жол төсеу және жолдарды тегістеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • 2027 жылға дейін округтегі кемінде 10 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бастама көтеру;
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көше жарық шамдарын орнату және жаңарту жұмыстарын жалғастыру;
  • Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау;
  • Балалар мен жастар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында балалар ойын алаңдарын, спорт кешендерін және демалыс саябақтарын салуға ықпал ету;
  • Халықтың сұранысына орай зиратқа жер бөлу мәселесін шешуге қолдау көрсету.
  1. Әлеуметтік сала
  • Көмекке мұқтаж тұрғындарға арналған әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына жәрдемдесу, нақты қолдау көрсету тетіктерін ұсыну;
  • Округ аумағында туризм саласын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қолжетімді әрі инклюзивті инфрақұрылымды дамыту;
  • Халықтың мәдени-рухани өмірін жандандыру үшін округ аумағында заманауи мәдениет үйінің салынуына бастамашы болу;
  1. Денсаулық сақтау және білім саласы
  • Округ аумағында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • 2027 жылға дейін Бірлік ауылындағы №35 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін қажетті қаржы бөлінуіне ықпал ету;