Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Заң талаптарын құрметтеу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Себебі тәртіп орнаған жерде өзара жауапкершілік, сенім және қауіпсіздік қалыптасады.
Бүгінде елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстардың негізгі мақсаты – заңды бұзған адамды жазалау ғана емес, құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамда заңға деген құрметті қалыптастыру.
Талғар ауданында да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қауіпсіздігін сақтау, интернет алаяқтығынан қорғану, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Заң мен тәртіп – күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орында тәртіпті бұзбау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, алаяқтыққа жол бермеу, заңсыз әрекеттер туралы тиісті органдарға хабарлау – осының барлығы құқықтық мәдениеттің көрінісі.
Құқықтық мемлекет құру – ортақ жауапкершілік. Әр азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндетін де адал орындағанда ғана қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіздік нығая түседі.
Заңға құрмет – елге құрмет. Тәртіпке бағыну – қоғамның тұрақты әрі қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам.






