Туған өлкенің тазалығы мен қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, аумақтарды тазарту, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Экологиялық акциялар мен сенбіліктерге мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар және тұрғындар белсенді қатысып келеді. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қоғамда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Тазалық – бір күндік науқан емес. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әр адамның күнделікті әдетіне айналғанда ғана таза әрі жайлы елді мекен қалыптастыруға болады.






