Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі – заң мен тәртіптің сақталуы. Заңға құрметпен қарау, құқықтық нормаларды орындау және өз міндетіне жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Заң мен тәртіп орныққан қоғамда азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамдық қауіпсіздік нығая түседі. Осы бағытта құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Әр адам өз әрекетінің қоғамға әсерін түсініп, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, өзгенің құқығы мен бостандығын құрметтеуге тиіс.
Заң – баршаға ортақ. Сондықтан тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Заңға бағыну мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы біз қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құра аламыз.
Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі.
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ



