ХАБАРЛАНДЫРУ

           Талғар аудандық қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына
2 (екі) жаңа мүше сайлау жөнінде қосымша конкурстың өткізілетіндігін хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтар ұсынуы мүмкін.

Талғар ауданының қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 7 мүше мемлекеттік органдардың өкілдері және 14 мүше коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс
2. конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат жоғарыда көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.
3. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
4. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – осы хабарлама жарияланған күннен бастап                 10 (он) жұмыс күні ішінде, 2023 жылы 07 қыркүйектен  бастап 2023 жылы                        20 қыркүйекке  дейін (қоса алғанда).
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – «Талғар аудандық мәслихаттың аппараты» ММ, пошта мекенжайы, индекс — 041600, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65 үй, 4 қабат, 401 кабинет, электрондық поштаның мекенжайы – talgar-maslihat@mail.ru,
байланыс телефондары: +7(72774) 20692, 25072, 87002346620.