Махачкалының екі тұрғыны құрылыс және сәулет министрін ұрлап алып кетті деген күдікпен тұтқынға алынды.
Зерттеу жұмыстары нәтижесінде, 20 шілде күні күдіктілер шенеунікті қарумен қорқытып, ұрлап алып кеткен. Келесі күні қылмыскерлерді талап еткен 30 миллион рубль қаржыны алып жатқан жерінде қолға түсіріп, министрді босатқан. Қазір оларға қатысты қандай үкім шығарылатындығы талқылануда.
Шенеунікті босату операциясына ФСБ, ІІМ және Ресей гвардия қызметкерлері қатысқан. «Адам ұрлау», «қорқытып, қаржы талап ет» және де «заңсыз қару пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дағыстан БАҚ деректеріне сәйкес, республика министрі лауазымында Ибрагим Қазибеков отырған.