АҚШ ДӘРІГЕРІ 175 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ (видео)

АҚШ ДӘРІГЕРІ 175 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ (видео)

АҚШ-тың спорттық гимнастика құрамасының бұрынғы дәрігері Ларри Нассара  зорлық көрсеткені үшін 175 жылға сотталды. Сотталушы 2193 жылы бостандыққа шығады. Оның үстінен 140-тан аса әйел арыз түсірген, — деп жазады tengrinews.kz   «Евроспорт» сайтына сілтеме жасап.

Сотталушының үстінен арыз түсіргендердің қатарында америкалық белгілі гимнаст әйелдер — Симона Байлс, Александра Райсман мен Габриэлле Дуглас, сондай-ақ, 2012 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңген Маккайла Марони бар.

Александра Райсман мен Симона Байлс.


Басылымның мәліметінше, осы іс бойынша 170 адам куәгер ретінде қатысқан. Әйелдер жарақаттан алған соң емге барғанда дәрігердің сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттерін көрсеткенін айтқан.


Айта кетейік:

  • бұған дейін Нассар балалар порнографиясын сақтағаны үшін істі болған;
  • сондай-ақ, сотталушы  тек 10 дерекке қатысы бар екенін мойындады.

Meduza порталы сот залынан видеоны жариялады.