Супертайфун Қытайға келді

Супертайфун Қытайға келді

Қытайдың  «Лекима»  Орталық метеорологиялық қызметі супертайфунның болатынын айтып, «қызыл»  дабылдың ең жоғары деңгейін жариялады,– деп хабарлайды Талғар –ақпарат  РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Лекима» дауылы Қытайдың Чжэцзян провинциясының жағалауының оңтүстік жағындағы 365 шақырым жерде болған. Эпицентрге жақын жердегі тұрған желдің ең жоғарғы күші 17 баллға (секундына 60 метр)  жеткен. Синоптиктердің айтуынша, дауыл күші сағатына 20 шақырым жылдамдықпен елдің солтүстік-батысына қарай жүйткіп келеді. Дауылдың жақындауына байланысты сенбі таңертең Чжэцзян провинциясының жағалауындағы ең жоғары жел күші 14-16 баллға жетеді деп күтілуде.

Аталған аймақтан өткен соң ғана «Лекима» даулының күші әлсірейтін көрінеді.

 Синоптиктердің келтірген дерегіне сәйкес Қытайдың оңтүстік-шығыс аудандарында жұма мен сенбі күндері дауыл тұрып, жаңбыр жауады. Синоптик мамандар  Барлық кемелерге теңізден қайтып оралуын, порт құрылыстарын нығайтуды, жағалауға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарын қауіпсіз жерлерге көшіруді ұсынды.

Талғар-ақпарат