МҰСЫЛМАН ӘЖЕЙ 450 ШӨБЕРЕ-ШӨПШЕГІН ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР

МҰСЫЛМАН ӘЖЕЙ 450 ШӨБЕРЕ-ШӨПШЕГІН ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР

Түркияның Диярбакыр қаласының тұрғыны, ұзақ жасаушы Шахи Тайюрак есімді кейуананың соңынан ерген шөбере-немене-шөпшегінің саны бүгінде 450-ге жетіп отыр. Әжей өмірінде үш рет күйеуге тиген, жеті баласы бар. Бір баласы бүгінде 96 жасқа келіп отыр.
Үлкен ұлы Джемал Тайюрактың айтуынша, анасының жасы шамамен 130-да болуы керек.
Шахи Тайюрактың төлқұжатындағы қателіктер жыл санаудың хижрадан григориан күнтізбесіне көшу уақытында орын алған. Ол 1919 жылдың 1 шілдесінде жеке куәлігін қолына алыпты. Ол кезде Шахи әжей бес баланың анасы болған. Содан кейінгі қызының туған күні 06.01.1926 деп жазылыпты.
Егде жасына қарамастан, Шахи әжей бүгінде өзін жақсы сезінеді, өткен күнін жадында жақсы сақтаған. Өзінің ұзақ жасау себебінің бірі деп ол күн сайын таңғы асты қалдырмай, жақсылап ішу екендігін айтады.