ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРБІР ҚОЗҒАЛЫСҚА ЖАУАПКЕРШІЛІК


Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол-көлік оқиғаларының алдын алудың негізгі жолы. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өзара құрметі жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Көлік жүргізу кезінде жылдамдықты асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу, телефонға алаңдамау және жол белгілерін сақтау қажет. Жаяу жүргіншілер де жолды белгіленген жерден кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы тиіс.
Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларға жол жүру мәдениетін үйрету маңызды.
Жолда асықпаңыз! Сіздің қауіпсіздігіңіз – жақындарыңыздың амандығы!