ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫ – САҚТЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН МӘСЕЛЕ


Цифрлық технологиялардың дамуы интернет арқылы көптеген қызметті пайдалануға мүмкіндік берді. Алайда желідегі алаяқтық әрекеттер де түрлі тәсілдермен жүзеге асуда.
Алаяқтар жалған хабарландырулар, әлеуметтік желідегі жалған парақшалар және күмәнді қоңыраулар арқылы азаматтардың сеніміне кіруге тырысуы мүмкін.
Белгісіз адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және құпиясөздерді бермеңіз. Ақша аудару туралы өтініштерді мұқият тексеріп, күмәнді сілтемелерге өтуден сақ болыңыз.
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру – қаржылық қауіпсіздіктің маңызды шарты.
Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз! Сақтық – сенімді қорғаныс!