Отбасындағы татулық пен өзара құрмет – берік қоғамның негізі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету маңызды.
Әр адам өз үйінде өзін қауіпсіз сезінуге құқылы. Зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамай, оның алдын алу – қоғамның ортақ міндеті.
Талғар ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылық жанжалдарға жол бермеу бағытындағы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

