Қоғамдық орындардағы әрбір нысан тұрғындардың игілігі үшін жасалады. Балалар алаңдары, саябақтар, орындықтар, аялдамалар мен көше жарықтары – елді мекеннің көркі мен жайлылығын арттыратын ортақ мүлік.
Оларды бүлдіру немесе мақсатсыз пайдалану қоғамға келтірілген зиянмен тең. Сондықтан әрбір тұрғын қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарап, оның сақталуына үлес қосуы керек.
Балаларға ортақ дүниені қорғаудың маңызын түсіндіру, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіп сақтау – азаматтық мәдениеттің белгісі.
Ортақ мүлікті сақтау – туған жерге деген құрметтің көрінісі!
МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ








