Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Кітап оқу адамның ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын байытады және дүниетанымын кеңейтеді.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда оқырман болу – тек білім жинау емес, ақпаратты талдай білу мен дұрыс шешім қабылдаудың да маңызды шарты.
Балаларды кітап оқуға баулу үшін отбасында оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапханалар мен әдеби іс-шаралардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану қажет.
Күн сайын аз уақытты кітап оқуға арнаудың өзі пайдалы әдет қалыптастырады.
Кітаппен дос болған ұрпақтың болашағы жарқын!
КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ








