«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕН КӨРІНЕДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕН КӨРІНЕДІ

Таза қоршаған орта – адам денсаулығы мен қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды құндылық. Табиғатты қорғау әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыру, жасыл желектерді күту, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстардың маңызы зор.
Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоқысты белгіленген орынға тастап, су мен табиғи ресурстарды үнемдеу арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қоса алады.
Табиғатқа деген жанашырлық үлкен істерден ғана емес, қарапайым күнделікті әрекеттерден басталады.
Таза Қазақстан – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!