Интернет кеңістігінде алаяқтықтың түрлі тәсілдері кездеседі. Жалған хабарландырулар, күмәнді сілтемелер, әлеуметтік желідегі жалған парақшалар арқылы азаматтардың жеке және қаржылық деректерін иемденуге әрекет жасалуы мүмкін.
Әсіресе, белгісіз адамдардың ақша аударуды сұрауына, күмәнді ұтыстар мен жеңіл табыс туралы ұсыныстарына сенбеген жөн.
Банк картасының нөмірін, құпия сөздерді, PIN-кодты және SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіз. Күмәнді сілтемелерді ашпай, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.
Цифрлық кеңістікте сақтық таныту – қаржылық қауіпсіздіктің маңызды шарты.
Алаяқтыққа алданбаңыз! Жеке деректеріңізді қорғаңыз!
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!








