Кітап оқу – адамның таным көкжиегін кеңейтіп, ойлау қабілетін жетілдіретін пайдалы дағды. Әрбір оқылған шығарма жаңа білім беріп, өмірге деген көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгінгі ақпараттық заманда кітап оқу мәдениетін сақтау ерекше маңызды. Себебі кітап адамды ақпаратты саралауға, терең ойлануға және өз пікірін сауатты жеткізуге үйретеді.
Отбасында кітап оқуды дәстүрге айналдыру, балаларға жас ерекшелігіне сай әдебиеттер ұсыну және кітапханалардың мүмкіндіктерін пайдалану – оқырман ұрпақ қалыптастырудың тиімді жолы.
Кітап оқыған ұрпақ – ойы озық, білімі терең ұрпақ!
КІТАП ОҚУ – РУХАНИ ДАМУДЫҢ БАСТАУЫ

