ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК


Қоғамдық қауіпсіздік – тұрғындардың тыныштығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Қауіпсіз ортаны қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың да жауапкершілігіне байланысты.
Күнделікті өмірде қарапайым сақтық шараларын ұстану, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, балалардың қауіпсіздігіне назар аудару және құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысу маңызды.
Әрбір тұрғынның белсенді азаматтық ұстанымы қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтады.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!