
Зорлық-зомбылық – адам құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін әрекет. Оған қарсы күрес әрбір адамның қауіпсіздігі мен еркіндігін қорғаудан басталады.
Отбасында, білім беру ұйымдарында және қоғамдық ортада өзара сыйластық пен түсіністік қалыптастырудың маңызы зор. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің мәселесіне бейжай қарамай, олардың пікірін тыңдап, қажетті қолдау көрсету қажет.
Зорлық-зомбылық белгілерін байқаған жағдайда үнсіз қалмай, тиісті мамандар мен уәкілетті органдарға жүгіну маңызды.
Мейірімділік пен құрмет – зорлық-зомбылықсыз қоғамның негізі!

