ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Алдын ала белгіленген кесте бойынша аудан əкімі Рыскелді Сатбаевтың жəне ауылдық округ əкімдерінің есепті жиыны осы аптаның сейсенбісі күні Панфилов ауылдық округінде жалғасты. Аталмыш ауылда орын тепкен №33 орта мектептің кең акті залына ауыл тұрғындары көптеп жиналған-ды. Сонымен қатар маңызды
жиынға аудан əкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, басқарма, мемлекеттік мекемелердің басшылары, депутаттар да төрт көздері түгел қатысып отырды. Есеп беру жиынын аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы ашып, жиналғандарды күн тəртібі əрі өткізу регламентімен таныстырды. Есеп берудің мақсаты – тұрғындарды елімізде жүргізіліп жатқан əлеуметтік-экономикалық жəне саяси шаралар туралы хабардар ету, алдағы міндеттер мен негізгі бағыттарды айқындау. Жеткен жетістіктермен қатар орын алған кемшіліктерді саралау болып табылады.

Жиынның талабы бойынша алғашқы баяндаманы Панфилов ауылдық округінің əкімі Нұрғали Аппазов жаса-ды. Өз баяндауында ол былтырғы жылғы есепті жиында округ тұрғындары тарапынан 34 мəселе көтерілге-нін, оның 10 сауалына кездесу барысында жауап берілгенін, сонымен қатар бүгінгі күнге 12 мəселе шешімін тапқанын, 7 мəселе бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Əлі де болса шешімін таппай
тұрған бес мəселені тізбектеп шыққан ауыл əкімі бұл бағытта жұмыс жүргізілетініне сендірді. Тұщымды баяндамада ауылдық округтің əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, əр сала бойынша атқарылған жұмыс-тар толықтай қамтылды. Осыдан соң жиналған көпшілік аудан əкімі Рыскелді Сатбаевтың есепті баяндама-сына құлақ түрді. Ауданымыздың əлеуметтікэкономикалық дамуына жіті тоқталған аудан басшысы əр сала бойынша еңсерілген ауқымды жұмыстарды талдап айтты, алға қойған келелі міндеттер де баяндамада
көрініс тапты. Өткен жылғы жиындарда көтерілген бірқатар түйінді мəселелердің оң шешімін тапқандығы, атқарылған жұмыстар оң нəтижелер мен ілгерілеу бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, əлі де түйіні түйдек-телген, шешімін күткен мəселелер бойынша нақты іс-шаралар қолға алынатыны да айтылды.

Осылайша, қос баяндама тыңдалып болған соң ауыл тұрғындарына кезек берілді. Жылдағыдай мұндағы кездесу қарқынды өтті. Алғашқы болып сөз алған ауыл ақсақалы, ауданның «Құрметті азаматы» Нұрсейіт Құдықов аудан жəне ауылдық округ əкімдерінің атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді. 24 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдық округте Мəдениет үйінің жоқтығын жəне Панфилов ауылына қатысты бейіт мəселесін баса айтып, жер телімдерін қарастыруды сұрады. Сонымен қатар, ағаштарды орынсыз кесу арқылы экологиямызға зор нұқсан келіп отырғанын, ауылдағы іргелі стадион мен жүзу бассейінінің ел
игілігіне толыққанды қызмет жасамай отырғанын қынжыла жеткізді. Қарабұлақ ауылының тұрғыны Татьяна Щукина жеке тұрғын үй салуға бөлінетін жер кезегінде он жылдан аса тұрғанын, əйтсе де кезек жылжымай-тынын, зейнеткерлік жасына жеткенімен, миграциялық полиция тарапынан жіберілген қателіктің кесірінен
тиісті құжаттарын өткізе алмай, сергелдеңге түсіп отырғанын алға тартып, көмек сұрады. Тамара Колесни-кова медпункт жұмысына сын айтса, Р.Аманбаев жаз мезгілінде орын алатын ауыз су тапшылығын, əрі өзі 2-ші топ мүгедегі бола тұра былтырдан бері тегін дəрі-дəрмекке қол жеткізе алмай отырғанын айтты. Қарабұ-лақ тұрғыны Надежда Васильевна қоқыс шығаратын мекеменің жұмысына оң баға бере келе, осындай
мүмкіндікті пайдаланбай қасақана келісімшартқа отырмайтын ауыл тұрғындарына шара көрілуін ұсынып, қаңғыбас иттерді аулау мəселесін көтерді. Накысбаев Аманжол деген азамат көгілдір отын жүргізуге төлене-тін төлемнің қымбаттығын, əрі ауылдағы айналдырған үш соғыс ардагерінің үйіне көгілдір отын тегін
жүргізілуі керектігі туралы ойын ортаға салды. Ауыл белсендісі Галина Арзамасова кесілген ағаштардың орнына жас ағаш көшеттері егілмейтінін айтты.

Сонымен қатар бұл азаматша ауылдық қоғамдық кеңес құрамына ауылдың жəйкүйін жақсы білетін əрі жаны ашитын өзі сияқты белсенді жандарды тартуды өтінді. Бұдан кейін де сөз алған ауыл тұрғындары ауылдық округ пен аудан аумағында жүзеге асырылып отырған жұмыстарға көңілдері толатындықтарын айтып, əкім-дердің жұмысына оң баға берді.

«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» еңбек етуге шақырды. Жиында қойылған барлық сауалдар мен көтерілген мəселелерге қатысты аудан басшысы бірден жауап беріп отырды, кейбір мəселелер бойынша сала басшыларын орындарынан көтеріп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Дəл осы күні ГҮЛДАЛА ауылдық округінің жұртшылығымен де жиын өткізілді. Əдеттегідей жиналған ауыл
тұрғындарының алдында алдымен ауылдық округ əкімі Мақсат Махметқали, одан кейін аудан əкімі Рыскелді Сатбаев есепті баяндама жасады. Ауылдық округ əкімі өзі басшылық жасап отырған ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігін, əлеуметтік-экономикалық дамуы мен жоспар бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды саралай келе, биылғы жылы атқарылуы тиісті іс-шараларды да қамтып өтті. Аудан басшысы Р.Сатбаев өз есебінде
аудан бойынша жүзеге асырылған ауқымды жобалар мен атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндай келе, əр салаға жіті тоқталды. Бюджеттің түсімі мен шығысы, ауылшаруашылығы, əлеуметтік бағдарламалары ая-сында атқарылған жұмыстар, кəсіпкерлік, білім, денсаулық салалары бойынша нақты мəліметтер келтіріп, жүзеге асқан оңтайлы істерді тілге тиек етті.

Осыдан кейін өз ой-пікірлерін ортаға салу үшін сөз тізгіні ауыл тұрғындарына берілді. Жиенəлі Кешкенеев деген ауыл ақсақалы оқушылар көп жүретін мектеп бағытындағы жол бойына көше жарығын орнатуды, арық жүргізілуін сұрады. Өйткені, күн сəл жылынып қар ерігенде өзі тар жолдың бойымен су ағып балалардың
жүруіне көп қиындық туғызатын көрінеді. Ауызсуға төленетін төлемақының да қымбатшылығын алға тартты. Наталья Коверник есімді ауыл тұрғыны қаңғыбас иттердің бала-шағаға ғана емес ересек жандарға да қауіп-қатер төндіріп отырғанын алға тартып, бұл мəселені назарға алуды сұрады. Аталмыш мəселеге орай аудандық
ветеринария бөлімінің басшысы Рашит Смаилов жауап берді. Маманның мəлімдеуінше биылғы жылы аудан
бойынша иесіз жүрген (қаңғыбас) иттерді аулау жұмысын екі бригада жүзеге асырады. Тұрғындар тарапынан түскен хабарлама яки қоңырау негізінде дереу шара көрілетініне сендірді. Ал иесі бар иттер көшеде бос жүре-тін болса, иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын жеткізді. Злавдин Авдиов деген тұрғын тұты-нылған көгілдір газ төлемақысын төлеу үшін Бесағаш ауылына сабылатындықтарын, мұның өзі үлкен қиын-дық тудырып отырғанын айтып, төлем жасауды ауылдық пошта бөлімшесі арқылы жүзеге асыруды шешіп беруін өтінді. Жиынға келген ауыл халқы аудан əкімінің жұмысына оң баға беріп, алдағы күннен тек жақсы-лық күтетіндіктерін айтып, үмітпен тарқасты.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».