Аудан əкімі Рыскелді Сатбаевтың кезекті есеп беру жиыны бұл жолы Алатау ауылдық округіне қарасты Қызыл-Қайрат ауылындағы №19 орта мектептің акт залында өтті. Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасы
бастығының орынбасары Жаныс Сапарғалиев арнайы қатысып, əдеттегідей аудандық мəслихат хатшысынан бастап барлық əкім орынбасарлары мен мекеме, бөлім басшылары жиналды. Жиынды аудандық мəслихат
хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы жүргізіп, ел алдында есеп беру үшін алдымен ауылдық округ əкімі Қуатбек Смағұловқа сөз берді. Сахнаға қойылған экран арқылы ауылдық округтің тыныс-тіршілігін бейнелейтін
слайдтар көрсетіліп тұрды. Өз баяндамасында ауыл əкімі бюджеттің орындалуынан бастап, ауылшаруашы-лығы, білім, денсаулық сақтау, кəсіпкерлік, құқық қорғау салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, ауылдық округке қарасты ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға байланысты жүзеге асқан ауқымды істер жайын тарқатып айтып шықты. Ауыл əкімінің есебін тыңдап болған соң аудан əкімі Рыскелді
Ахметқалиұлына сөз берілді.
Мінберге көтерілген аудан басшысы бюджетке түскен түсімдер көлемі 25 млрд.теңгеге жетіп, жоспар 104 пайызға орындалғанынан бастап, шығындар көлемі 19 млрд. теңгені құрап, 100 пайызға игерілгенін айтты. Сонымен қатар, ауданымызға тартылған инвестиция, ауылшаруашылығының табысы, əр сала бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен əлеуметтік саланың дамуы, ауданымызда туризмді дамытуға байланысты атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы сөз қозғады. Əрбір салаға жеке тоқталып, жұм-салған қаражат мөлшерін де тарқата айтып берді. Екі əкімнің де есебін тыңдап болған соң тұрғындар тілегіне кезек берілді.
Бірінші болып Қызыл-Қайрат ауылының тұрғыны Еркін Уəлибеков сөз алып, жолдарды жөндеу мəселесін алға тартса, №19 орта мектептің мұғалімі Мұхтар Жансеркеев ауылға спорт кешені салынса деген тілегін білдірді. Амангелді ауылының тұрғыны Еркін Темірбаев ауылға дəрігерлік пункт салынуын сұраса, Қызыл-Қайрат ауылына қарасты жаңақұрылыстың тұрғыны Бибігүл Иембергенқызы тұрғындар қаражатына қойыл-ған қосалқы электр станциясын «АЖК»-ның балансына өткізуге ықпалдасуын өтінді. Ауыл ақсақалы Иса
Өскенбай Қызыл-Қайрат ауылына жаңа амбулатория салынса деген тілегін жеткізді. Ауылдық округтің тұр-ғыны, аудандық «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі, жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының
төрағасы Нұрсұлтан Сəрсеков пен ауданымыздың «Құрметті азаматы» Матан Бекбосыновтар да сөз алып, жиын барысында көтерілген мəселелерге қатысты өз ойларын ортаға салып, қос əкімнің есебіне қанағат-танарлық бағаларын берді.
Жиында көтерілген мəселелерді мұқият тыңдап, назарға алған аудан əкімі кейбіріне қолма-қол жауап беріп, бірқатарын болашаққа жоспарлап, түртіп алды.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».