Бүгін Талғар ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбі» тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Береке ауылы, Алатау ауылдық округінде туристік кластер аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді.
Сенбілікке аудан тұрғындары, жастар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Таза орта — ортақ жауапкершілік! 🌱
#ТазаҚазақстан #ТазаБейсенбі #Талғар #Береке #Экология Тазалық


