Көз жауын алатын сұлулығы мен таулы қыраттан сылдырай аққан өзен-көлімен көрікті — Жетісу даласы туристтік елді мекенге айналғалы қашан. Соңғы жылдары бұл далаға шетелдіктердің қызығушылығы тіптен артуда. Соның нәтижесінде, табиғаттың әлеуметтік мәселелермен қатар, экономикаға да қосары мол екені де айшықталып келеді.
Өркендеудің осы қыры жолға қойылған Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданы, туристтік инфроқұрылымды дамытуға баса назар аударған. Мұнда, жыл басынан 75 мыңнан астам турист келіп, сауықтыру қызметінің көлемі 63 млн. 200 мың теңгені құраған. Туристтердің аталмыш санын қызықтырған тарихи мекенді, БАҚ өкілдері ауданда өткен пресс-тур кезінде көріп қайтты, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш іс-шара, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, аудандық ішкі саясат басқармасымен «Елім Ай» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Онда жергілікті 18 туристтік бағыттың ішінен 4-уі таңдалған. Ауданның ішкі саясат басқармасының басшысы Момынжан Исламовтың айтуынша пресс-турға ауданның киелі деп танылатын жерлері мақұлданған.
«Бәсекелестікке қабілеттілікті күшейту үшін, елімізде соңғы жылдары туристтік елді мекендердегі инфроқұрылымды дамытуға ереше көңіл бөлініп отыр. Облыс әкімі Амандық Баталов «Туриз – ол елдің экономикалық өсуінің қуатты баспалдағы. Дамудың осы қырын пайдалану үшін біз облысымызда туристтік бренті қалыптастыруымыз керек», деген еді. Бүгінде біз осы мақсатта, аймақтағы киелі жерлерді таныстыру үшін 4 обьктіні, яғни Есік көлі, Түрген орман шаруашылығындағы киелі бұлақ, «Рахат қала жұрты» және Есік обаларын аралатуды таңдап отырмыз», — деді ол.
Есік қаласынан оңтүстікке қарай 17 шақырымдай, Іле Алатауының теріскей баурайындағы әсем шатқалдардың бірінде, теңіз деңгейінен 1759 м биіктікте орналасқан «Есік көлі» пресс-турдің бірінші нүктесі болды. Алыстан мұз шыңы, жотасынан жасыл шыршасы, баурайынан мөлдір суы көрінетін көл, бейне бір жұмбақ ән салатындай. Екі таудың құшағына құйыла орналасқан ол, сұлулығымен өзіне ғашық етеді. Табиғи жолмен қалыптасқан бөгетте өте сирек кездесетін және тек таза суда мекен ететін форель балағы бар. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Шаяхмет Құсайынұлы, көлге келген шетелдік туристтер «тағы бір Швейцария» деп баға берген, дейді.
-Бұл суға, осы таудан ары жатқан 5 көл құйяды. Жылдың 4 мезгілінде түсін өзгертетін судің температурасы төмен. Өйткені, бөгетке тау мұздықтары, қар, жауын-шашын cулары толады. 1963 жылы көл жағалауында апат болған. Сол жылдың 7 шілдесінде күн қатты ыстық болса керек, тау басындағы мұздық еріп бірінші көлге құлаған, артынша су көтеріліп бір-біріне құйған. Апатқа дейін көлдің ұзындығы – 1850 метр болса, бүгінде 755 метрді құрайды. Дегенмен, көл болған апатқа қарамастан әсем, мөлдір, таза. Жыл санап келген шетелдік қонақтардың саны артуда. Олардың айтуынша Есік көлі екінші Швейцария»,- дейді ақын.
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көл жағасыны 13 500 турист келген. Бұл статистикалық мәлімет, Еңбекшіқазақ ауданына туристтердің келуінің бір себебі екенін көрсетеді.
Әсем табиғаттың, келесі бір кереметі — Түрген шатқалы. Түрген шатқалы Іле Алатау табиғи паркінің көрікті жерлерінің бірі саналады. Табиғаты көрікті, суы таза, ауасы саф. Онда өсімдіктің сан алуан түрімен жануарлардаң борсық, тиын, қабан, тауешкі, қасқыр және аю мекен етеді. Іле Алатауының мұздықтарынан бастау алатын екі ірі — Шың Түрген және Кіші Түрген өзендерінің түйіскен жерінен басталатын «Түрген» өзені шатқалдың кезекті бір тамашасы. ЮНЕСКО мен мемлекет қамқорлығына алынған бұл жерде «киелі» деп танылатын бұлақ орналасқан.
Іс-шараның ұйымдастырушысы, «Елім-ай» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жаңаберген Мұхамедов түрген шатқалының киелі бұлағы туралы айтып өтті.
« «Қыз жылаған» деп аталып кеткен жердің аңызы мынадай. Ерте заманда екі ғашық болған. Екеуі қосыла алмай құса болса керек. Қара ниеттілерден қашқан олар, осы жерді паналаған. Түн ортасында, ту сыртынан шабуылдаған жаулар жігітті мерт қылған. Сондан бері солай аталып кеткен», — дейді ол.
Тау тастық арасынан бар миниралды байлықты бойына жинап төгілетін бұлақ суы емдік қасиетке бай. Киелі судан дәм тату үшін, жер-жерден арнайылап келетіндер көп. Тауы шыршамен жамылған бұл қорықтаға бұлаққа жыл басынан 31 500 турист келген.
Сақ ханзадасы табылған жота бойындағы Рахат ауылына жанаса орналасқан «Рахат қала жұрты» журналистердің кезекті бір нысаны болды. Тауды бөктерлей шығыстан батысқа қарай созылып жатқан төбелерден, мұнаралы қамал қабырғалары мен орлар анық көрінеді. Ордың алды ашық дархан дала болса, арты асқар тау. Осы көрініске қарап жанардан, ерте замандағы тұрғын үйлермен сұрапыл соғыс елестері жүріп өтеді. Себебі, табан астында ата-баба тарихы жатыр. Рахат қалашығы – сақ патшаларының қонысы болған және осы жерден «Алтын адамның» сүйегін шығарған деген болжам бар. Қалашық орнына жүргізілген зерттеулер жайында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғалым-хатшысы Досым Зікірия бөлісе кетті.
«2015 жылдың қазан айында «Есік» мемлекеттік та¬рихи-мәдени қорық-музейі мен Шанси облыстық археологиялық мәдениет басқармасы арасында алғашқы «Рахат қала жұртын» зеттеу туралы келісімге қол қойылды. 2017 жылы басталған зерттеу нәтижесніде біршама тирихи қазынаға тап болды. Оның бірі түркі дәуірінің жерлеу орындарынан табылған 15 адам және 2 жылқы¬ның қаңқа сүйегі. Қазбаның тереңдігі 70 сан¬тиметр жерге жеткенде, ортағасырлық тұрғындардың үй-жайы табылды. Әрі қарай қазбаның орта тұсына таман, су ағызатын ескі арық орны көрінді. Осы арықтан қала тұрғындары тау суымен суланған болса керек. Қала орнын толықтай зерттеу әрі бірнеше жылдарды талап етеді»,- дейді ол.
Айта кету керек, 1970-ші жылдың басында осы жазықтан, сақтар тайпасының жас көсемі Алтын адам табылған. Кеңес үкіметі кезінде кездейсоқ қазылған оба ішінен шашылған алтын, сақ мәдениетін ХХ- шы ғасырға бірақ көтерген.
Еңбекшіқазақ ауданының ұйымдастырылуымен өткізілген пресс-турдың соңғы нүктесі «Есік қорымы» болды. Сақтардың жас көсемі табылған жер бүгінде мемлекен қорғауында. Яғни «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы 422,7 шақырым белгіленген. Онда 80-н астам қорғандар мен «Рахат» және «Өрікті» сынды ежелгі сақ қала-жұрттары кіреді. Музейдің негізгі қызметі – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін зерттеу оны жалпы халыққа насихаттау және туристік қызметтерді ұйымдастыру болып табылады.
Сонымен қатар, 2019 жылы мүзей, Оңтүстік Корея немесе Қытай халық республикасымен бірігіп, бір обаны ашып мүзейлендіруді жоспарлап отыр.
Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты соңғы жолдауында, ішкі туризмді дамытуға ерекше назар аудару керектігін атап көрсетті. Осы тапсырма аясында Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданы аймақтағы туризмді дамыту жолында белсенді жұмыстар атқарып жатыр.
Топырағында сақ ханзадасы аунаған, таулары көк аспанмен таласқан, киелі тарихи жер, өзінің сан алуандылығымен ерек екендігін көрсетті. Осындай толассыз байлықты құшағына сыйдырған жақұт мекенге бір келмеу күнә шығар, шіркін!
Талғар-ақпарат