7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қазақстан Республикасында жыл сайын 7 мамырда атап өтілетін Отан қорғаушылар күні — ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз өмірін арнаған әскери қызметшілерді, ардагер-лерді және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құрметтеуге арналған маңызды мемлекеттік мереке.
Бұл күн жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Отан қорғаушылардың ерлігін дәріптеу арқылы жастарға ерлік пен елдік ұғымдары-ның мәні ашылып, тарихи тұлғалардың өнегесі үлгі етуге мүмкіндік беріледі.
Талғар ауданындағы мерекелік іс шара
Осы маңызды күнге орай «Талғар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруы-мен, «Талғар аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қатысуымен ерекше атмосферада мерекелік іс шара өткізілді.
Шараның басты мақсаттары:
* жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын сіңіру;
* ел қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу;
* жастардың туған жерге деген құрметін арттыру.