Барлығына қол жеткізу: Қазақстанда алдағы референдумда мүгедектігі бар адамдар үшін қандай жағдай жасалған

Барлығына қол жеткізу: Қазақстанда алдағы референдумда мүгедектігі бар адамдар үшін қандай жағдай жасалған

Пандустардан бастап тактильді көрсеткіштерге дейін: мүгедектігі бар қазақстандықтар республикалық референдумға ыңғайлы жағдайда қатыса алады
Инватакси және сурдоаудармашы қызметтері мүгедектігі бар қазақстандықтарға республикалық референдумда дауыс беру күні қызмет көрсетеді
Референдум-2026: Дауыс беру учаскелері мүгедектігі бар азаматтарға бейімделуде
Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі
Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында дауыс беру учаскелерінің барлық азаматқа қолжетімді болуына ерекше назар аударылып отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында Орталық референдум комиссиясының мүшелері елдің барлық өңіріне инспекциялық сапарлар жасап, учаскелердің жабдықталу деңгейін тексерді.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуы бойынша дауыс беру учаскелерін заңнама талаптарына толық сай әзірлеу қажеттігі, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне басымдық берілуде.
«Бүгінде барлық дауыс беру учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған. Онда компьютерлер, үлкейткіш әйнектер, қосымша жарық көздері, дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпіндегі трафареттер, сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқалары қарастырылған.
Сонымен қатар, учаскелер пандустармен, кіреберістегі тактильді көрсеткіштермен және ғимарат ішіндегі тактильді навигация құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал мұндай жабдықтар әлі толық орнатылмаған нысандарда жергілікті атқарушы органдар уақытша пандустар мен тактильді бағыттағыштарды орналастыру жұмыстарын қолға алған. Бұл мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді», — деді Нұрлан Әбідров.
Дауыс беру күні де қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қызметі мен сурдоаудармашылардың көмегі ұсынылады. Бұл олардың референдумға толыққанды қатысуына жағдай жасаудың маңызды тетігі болмақ.
«Комиссия мүшелерін даярлау ісі де назардан тыс қалған жоқ. Учаскелік комиссияларды қоса алғанда, комиссия мүшелері мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктеріне қатысты арнайы оқытудан өтті. Оқу барысында қарым-қатынас әдебі, дұрыс терминологияны қолдану және мүгедектігі бар азаматтардың түрлі санаттарымен тиімді жұмыс істеу ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді», — деді ОРК Төрағасы.
Бұдан бөлек, еліміздің үш өңірінде – Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында пилоттық жоба аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа инновациялық шешімдер енгізілген бір-бірден арнайы дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады.
Осылайша, республикалық референдумға дайындық барысында инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған нақты шаралар қолға алынып отыр. Бұл әр азаматтың өзінің конституциялық құқығын тең жағдайда және қолайлы ортада жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

 

Доступность для всех: какие условия созданы для людей с инвалидностью на предстоящем референдуме в Казахстане
От пандусов до тактильных указателей: казахстанцы с инвалидностью смогут с комфортом поучаствовать в республиканском референдуме
Услуги инватакси и сурдопереводчиков запустят для казахстанцев с инвалидностью в день голосования на республиканском референдуме
Референдум-2026: участки для голосования готовят с учетом потребностей лиц с инвалидностью во всех регионах Казахстана
Центральная комиссия референдума проверила доступность участков для лиц с инвалидностью
Подготовка к республиканскому референдуму в Казахстане выходит на финишную прямую. Одним из ключевых направлений этой работы остается создание доступной среды для всех граждан. В ходе выездных инспекционных поездок по регионам члены Центральной комиссии референдума уделяют особое внимание оснащенности участков для голосования с учетом потребностей лиц с инвалидностью.
Как отметил, Председатель Центральной комиссии референдума РК Нурлан Абдиров, во время рабочих визитов территориальным комиссиям была поставлена задача строго соблюдать требования законодательства при подготовке участков, включая обеспечение их полной доступности.
— На всех участках для голосования предусмотрены специальные уголки для лиц с инвалидностью. Они оснащены компьютерами, лупами, дополнительным освещением, трафаретами для бюллетеней со шрифтом Брайля, а также аудиоверсией проекта Конституции на государственном и русском языках. Кроме того, участки обеспечены пандусами, тактильными указателями при входе и элементами тактильной навигации внутри помещений,- отметил Нурлан Абдиров.
По тем объектам, где необходимое оснащение пока отсутствует, местные исполнительные органы принимают меры по установке временных пандусов и тактильных указателей. Это позволит обеспечить свободный и безопасный доступ лиц с инвалидностью на участки для голосования в день референдума.
— Дополнительные меры поддержки будут действовать и непосредственно в день голосования. Для лиц с инвалидностью предусмотрены услуги инватакси и сурдопереводчиков, что должно сделать участие в референдуме еще более доступным и удобным, — подчеркнул Председатель ЦКР РК.
Отдельное внимание уделено и подготовке самих комиссий. Работники прошли специальное обучение по вопросам прав и потребностей лиц с инвалидностью. Особый акцент был сделан на этике общения, корректной терминологии и особенностях взаимодействия с различными категориями граждан.
Кроме того, в трех регионах страны – Актюбинской, Костанайской и Павлодарской областях – в рамках пилотного проекта будут работать участки для голосования с применением новых инновационных решений для лиц с инвалидностью.
Таким образом, подготовка к референдуму сопровождается комплексной работой по обеспечению инклюзивности и доступности избирательной инфраструктуры. Это важный шаг к тому, чтобы каждый гражданин мог принять участие в голосовании в комфортных и равных условиях.