
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі талаптардың бірі.
Жолдағы әрбір адамның жауапкершілігі маңызды. Жүргізушілер жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмай, көлік құралын басқару кезінде телефон қолданудан бас тартуы қажет. Жаяу жүргіншілер жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтіп, бағдаршам сигналдарына назар аударуы тиіс.
Ауа райының қолайсыз кезеңдерінде жол қозғалысына қатысушылардың сақтығы одан әрі артуы керек. Әсіресе, қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану жаяу жүргіншінің көрінуін жақсартады.
Жол ережесін сақтау – өз өміріңді ғана емес, өзгенің өмірін де қорғау.
Жолда асығыстық емес, қауіпсіздік маңызды!

