
Қоғамдық мүлік – барша тұрғындардың игілігіне қызмет ететін ортақ құндылық. Аулалардағы балалар алаңдары, саябақтар, орындықтар, жарықтандыру жүйелері мен аялдамалар күнделікті өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Оларды бүлдіру немесе мақсатсыз пайдалану қоғамға ортақ зиян келтіреді. Сондықтан әрбір тұрғын қоғамдық орындардың тазалығы мен бүтіндігін сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Мүлікті қорғау тек материалдық құндылықтарды сақтау емес, сонымен қатар өзге адамдардың еңбегін құрметтеу және келешек ұрпаққа қолайлы орта қалдыру деген сөз.
Ортақ мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру – әр отбасы мен әр азаматтан басталатын маңызды міндет.
Ортақ мүлік – ортақ жауапкершілік!

