САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – САНАЛЫ ТАҢДАУ


Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық жағдайына және әлеуметтік өміріне кері әсерін тигізеді. Сондықтан алкогольге тәуелділіктің алдын алу – қоғам денсаулығын қорғаудағы маңызды бағыттардың бірі.
Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, мәдени және қоғамдық іс-шараларға қатысу адамның бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.
Отбасындағы қолдау, жақындардың түсіністігі және дұрыс әлеуметтік орта зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді. Әсіресе, жастарға үлгі болу және олардың бойында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Әр адам өз денсаулығы мен болашағына бейжай қарамауы керек.
Салауатты өмір салтын таңдаңыз – денсаулық ең қымбат байлық!