2026 жылдың 27 ақпан күні Талғар ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заң жобасын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды.

 

Жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері және белсенді азаматтар қатысып, ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы жөнінде ой-пікірлерін білдірді. Кездесу барысында құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы тұрақтылық пен келісім мәселелері кеңінен сөз болды.

Қатысушылар алдағы Жалпы халықтық референдум – ел өміріндегі маңызды кезең екенін атап, әр азаматтың саналы таңдау жасауының маңыздылығына назар аударды.

Мұндай ашық пікір алмасулар қоғамда түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

27 февраля 2026 года в Талгарском районе состоялось обсуждение проекта новой Конституции Республики Казахстан.

Встреча объединила представителей интеллигенции, общественных организаций и активных граждан, которые высказали свои мнения о значении предлагаемых изменений. В ходе обсуждения были затронуты вопросы укрепления принципов правового государства, прав и обязанностей граждан, а также обеспечения общественной стабильности и согласия.

Участники подчеркнули, что предстоящий Общенародный референдум является важным этапом в жизни страны, и обратили внимание на значимость осознанного выбора каждого гражданина.

Подобные открытые диалоги способствуют формированию ответственности и взаимопонимания в обществе.