2026 жылдың 26 ақпанында Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылдық округінде Талғар ауданының жастары мен еріктілері 15 наурызда өтетін референдумға байланысты ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. Ауданның белсенді жастары тұрғындармен кездесіп, референдумның маңыздылығын түсіндіріп, үнпарақтар таратты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың саяси сауаттылығын арттыру, алдағы референдумға белсенді қатысуға шақыру және қоғамда азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Мұндай бастамалар ел болашағына бейжай қарамайтын жастардың белсенділігін көрсетіп, бірлік пенынтымақты нығайтуға өз үлесін қосады.