Аталған іс-шара денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан өткізіліп, келесі маңызды бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
* АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары
* Адам папиллома вирусының (ВПЧ) профилактикасы
* Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу жолдары
* Әр азаматтың өз АИТВ мәртебесін білудің маңыздылығы


Тренинг барысында қатысушыларға АИТВ-ға сілекей арқылы жүргізілетін экспресс-тестілеу әдісі тәжірибелік түрде көрсетілді. Іс-шара соңында ниет білдірген студенттерге АИТВ-ға тегін және құпия тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды.
Сонымен қатар, кездесуде конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоғары курс студенттеріне реформалардың негізгі бағыттары, олардың қоғам дамуына ықпалы және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.




