Азаматтардың саяси процеске қатысу мүмкіндігінің кеңеюі

Конституциялық өзгерістер азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Қоғамдық институттардың, өкілді органдардың рөлін күшейту халық пікірінің ескерілуіне жол ашады.

Мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту және қоғамдық кеңестердің ықпалын арттыру жергілікті деңгейде шешім қабылдау сапасын жақсартады. Бұл өз кезегінде азаматтардың қоғамдық жауапкершілігін арттырады.

Қоғам белсенділері аталған өзгерістерді мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ететін оң үрдіс ретінде бағалайды.

Алибеков Мухит Бейсембекович
Талғар аудандық маслихатының төрағасы