Бүгін Жамбыл ауданында «Заң және тәртіп» қағидасы аясында Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл аудандық полиция басқармасының қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Нурумов Асқар қатысып, жастарға заң талаптары, жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну маңызды екені айтылды.

Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Сегодня в Жамбылском районе в рамках принципа «Закон и порядок» по инициативе Жамбылского районного молодежного ресурсного центра в Узынагашском профессиональном колледже имени Жамбыла состоялась профилактическая встреча на тему «Подросток и преступность».

В мероприятии принял участие инспектор ювенальной полиции отдела по профилактике уголовных правонарушений Жамбылского районного управления полиции, капитан полиции Нурумов Аскар, который провел для молодежи разъяснительную работу по вопросам требований законодательства, правовой ответственности несовершеннолетних, профилактики правонарушений и их последствий.

В ходе встречи было отмечено, что соблюдение норм закона, формирование правовой культуры, а также осознание ответственности перед обществом являются важными факторами в жизни молодежи.

Подобные мероприятия направлены на предупреждение правонарушений среди подростков и повышение уровня их правовой грамотности.

#ЗаконИПорядок
#МолодежныйРесурсныйЦентр
#ПодростокИПреступность
#ПравоваяКультура
#Профилактика
#ЖамбылскийРайон