Жаңа Конституция – азамат мүддесін қорғаудың кепілі

Қабылданайын жатқан конституциялық өзгерістердің басты өзегі – азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғау. Жаңа түзетулерде адам өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіледі.

Сотқа жүгіну, әділ шешім алу және заң алдында тең болу қағидаттары нақтылай түседі. Бұл өз кезегінде қарапайым халықтың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Құқықтанушылар мұндай өзгерістер құқықтық мемлекеттің берік негізін қалыптастырады деп есептейді.

Супиева
Каминур Розахуновна
«Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ Талғар аудандық филиалының мүшесі, кәсіби медиатор