Панфилов округінің жастар саясаты бөлімінің нұсқаушысы Марланқызы Айгерімнің ұйымдастыруымен №33 мектеппен бірлесіп, Қарттар күніне орай үлкен кісілердің үйлеріне барып, мерекелік құттықтау шарасы өткізілді.
Шара барысында оқушылар мен жастар қарттарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, арнайы сыйлықтарын табыстады. Үлкендерге құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлады.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойына үлкенді сыйлау, құрметтеу, қамқорлық көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
#ҚарттарКүні #ПанфиловОкругі #Жастар #Қамқорлық #№33Мектеп #ТалғарАуданы


