ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ПОЗИТИВ

ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ПОЗИТИВ

 

Қазіргі ақпараттық кеңістікте күн сайын түрлі жаңалықтар мен оқиғалар легі тарайды. Осындай жағдайда қоғамға жақсы жаңалықтарды, игі бастамаларды және азаматтардың жетістіктерін көрсету ерекше маңызға ие.

Позитивті ақпарат – жай ғана көңіл көтеретін жаңалық емес. Ол адамдарды жақсы іске ынталандырып, қоғамдағы жағымды өзгерістерді көрсетуге мүмкіндік береді. Бір азаматтың жетістігі екінші адамға шабыт берсе, бір игі бастама басқа адамдардың да белсенді болуына жол ашады.

Талғар ауданында да елді мекендердің дамуына, әлеуметтік нысандардың жаңаруына, жастардың жетістіктеріне, мәдениет пен спорт саласындағы нәтижелерге, қайырымдылық пен қоғамдық бастамаларға қатысты көптеген жағымды жаңалықтар бар.

Ауыл-аймақтарда еңбек етіп жүрген қарапайым азаматтардың еңбегі, спортшылардың жетістігі, өнерпаздардың жеңісі, ұстаздар мен дәрігерлердің кәсіби қызметі, жастардың жаңа жобалары – қоғам назарынан тыс қалмауы тиіс.

Өйткені позитивті контент арқылы біз қоғамның тек мәселелерін емес, оның мүмкіндіктері мен жетістіктерін де көрсетеміз. Жақсы жаңалық адамдарға сенім береді, елдің дамуына деген көзқарасты қалыптастырады.

Әрбір игі іс – үлкен өзгерістің бастауы. Қоғамдағы жақсы дүниені байқап, оны өзгелерге жеткізу де азаматтық белсенділіктің бір түрі.

Жақсылықты көбірек көрейік, жақсы істерді көбірек насихаттайық. Себебі позитив – қоғамды біріктіретін, ал жақсы жаңалық – өзгеге үлгі болатын күш.