
Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық әр азаматтың заң талаптарын сақтауы және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауынан басталады. Заң мен тәртіп қағидаттарын ұстану – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.
Құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң бұзушылықтардың алдын алу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе, жас ұрпаққа заңды құрметтеуді үйрету және құқықтық сауаттылықты дамыту ерекше маңызға ие.
Заң үстемдік еткен қоғамда әрбір адамның құқығы қорғалып, жауапкершілік пен әділдік басты орын алады. Сондықтан заңға бағыну – тек міндет емес, елдің болашағына деген азаматтық жауапкершілік.

