ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ


ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Әрбір адам қауіпсіз ортада өмір сүруге, құрмет пен қамқорлыққа бөленуге құқылы. Зорлық-зомбылықтың кез келген түрі адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.
Отбасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен мейірімділік – берік қарым-қатынастың негізі. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құқықтық сауаттылықты арттырып, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету маңызды.
Зорлық-зомбылыққа куә болған жағдайда бейжай қалмай, тиісті органдарға хабарлау қажет. Қауіп төнген кезде 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Мейірімділік пен құрмет бар жерде зорлық-зомбылыққа орын жоқ!