ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫНАН ҚОРҒАНУ


ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Цифрлық технологиялардың дамуы күнделікті өмірімізді жеңілдеткенімен, интернет кеңістігінде алаяқтық әрекеттер де кездеседі. Қаскөйлер азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректерін немесе ақшалай қаражатын иемденуге тырысуы мүмкін.
Өзіңізді қорғау үшін мына қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
🔹 Банк картасының деректерін, құпиясөздерді және SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз.
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз файлдарды жүктемеңіз.
🔹 Бейтаныс адамдардың ақша аудару туралы өтініштерін мұқият тексеріңіз.
🔹 Интернет арқылы сатып алу кезінде сатушының сенімділігіне көз жеткізіңіз.
🔹 Күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, банкке ресми нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Сақтық – интернет алаяқтығынан қорғанудың алғашқы қадамы!